«Қазіргі заманғы медициналық кадрларын даярлаудың негізгі бағыттары»

2015 жылдың 11 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Қазіргі заманғы медициналық кадрларын даярлаудың негізгі бағыттары» атты  «дөңгелек үстел» Шымкент қаласы және облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының қатысуымен өтті.

705 1

Академия өкілдерінің сөздерінде ЖОО және медициналық білім және практикалық денсаулық сақтаудың жұмыс берушілердің тиімді ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.

Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы, доцент Б. Қ.Досыбаев педиатрия кафедрасы мен облыстық балалар клиникалық ауруханасының табысты өзара әрекетінің мысалымен таныстырды.

705 2 

«Акушерия және гинекология курсымен бастапқы медициналық-санитарлық көмек» кафедрасының меңгерушісі, доцент Н.В.Югай өз баяндамасында медициналық кадрларды дайындау келешектерді белгіледі. Баяндама толықтыру мақсатында № 8 қалалық ауруханасының сарапшы-дәрігері Е. В.Казанцева дәрігерлерді этика, психология және бастапқы денсаулық сақтау саласында емделушіге күтім көрсету бойынша оқытуын күшейтудің қажеттілігін баса айтып сөз сөйледі.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бакалавриат пен магистратура білім алушылар үшін элективті пәндердің, модульдік білім беру бағдарламаларының және оқу модулінің мазмұнын үйлестірудің қажеттілігі туралы қазіргі заманғы үрдіске сәйкес ҚР-ның қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін құру және дамыту өз сөзінде «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» каф.мең.қызм.атқаратын медицина ғылымдарының кандидаты Ф. Т.Досқарайқызы.

 705 3

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында «Медициналық-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының бейінді кафедраларымен бірге жұмыс берушілердің ынтымастығын дамыту «Гигиена-1,2» кафедраларымен жоспарлануда. Бұл кадрларды даярлау бағыт туралы «Гигиена-1» кафедрасының меңгерушісі, медициналық факультеттің деканы Б. З. Долтайқызы атап кетті.

Пікірталастарға облыстық кардиология орталығының бас дәрігері С.Б.Бекжігітұлы, облыстық қан орталығының бас дәрігері С.А.Рахымбердыұлы, Орынбаев атындағы ГООО бас дәрігердің орынбасары И.Т.Төлеұлы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау құқық комитетінің өкілдері және басқалар да қатысты.

Практикалық денсаулық сақтау өкілдері ЖОО кафедраларымен медициналық кадрларды дайындау және таяу жылдарда денсаулық сақтау саласының дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын белгіледі.

12.12.2015, 04:49
485 қаралым