«Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» атты тақырыптағы семинар

Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық құқықтық мәдениетін дамыту, құқықтық құзыреттілігін дамыту мақсатында Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара Халықаралық адам құқықтары күнін мерекелеу аясында өтті. Сіз өзіңіздің құқықтарыңыз туралы неғұрлым көбірек білсеңіз, соғұрлым оларды еркін пайдалана аласыз. Сондықтан семинар барысында доцент м.а Айдарбекова Г.С. студенттерді бала құқықтары туралы конвенциямен, Адам құқықтарының Декларациясымен, Қазақстан Республикасының Конституциясымен және адам құқықтарын қорғау саласындағы басқа да халықаралық құжаттармен таныстырды. 1 курс студенттері адам құқықтарын қорғаудың қолданыстағы жүйесімен танысты. Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтық жауапкершілік пен өзін-өзі бағалауды, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелейді.

04.01.2024, 17:13
728 қаралым