Қазақ тілін дамытудың жаңа трендтері

Қазақ тілі - ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы. «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» ұранын жанына жақын тұтқан жастарға қолдау көрсету біздің міндетіміз.

1681 2

Осы орайда, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен студенттік кәсіподақ ұйымының қолдауымен, 2021 жылдың 8 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Болашақ» АЖО-ның ұйымдастыруымен «Қазақ тілін дамытудың жаңа трендтері» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты - студенттердің білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, қазақ тіліміздің мәртебесін арттыру, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілін жаңаша бағытта қолданып, насихаттау.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шарада Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылары Д.Кемелхан, А.Бегімбет және Жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы Ж.Қамбарова төрелік жасап, әділ бағаларын берді.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: үй тапсырмасы (бейнебаян),тақырыпқа сәйкес мақала қорғау,сұрақ-жауап, поэзия.

Ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті. Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындары арасында өткен сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III, дәрежелі дипломдармен, ал қалған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.Сонымен қатар, арнайы сый-сыяпаттар табыс етілді.

16.04.2021, 09:00
470 қаралым