«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты апталық
Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай қазақ тілі мен латын тілі курсы оқытушыларының ұйымдастыруымен 18.09.2015- 22.09.2015ж.ж. күндері аралығында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты апталық өткізілді.
18.09.2015 – «Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» тақырыбында қабырға газетінің сайысы;
19.09.2015 – «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» шығармалар сайысы;
21.09.2015 – «Тіл достықтың дәнекері» мәнерлеп оқу сайысы.
22.09.2015 – Апталықтың қорытынды кеші.
«Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» тақырыбында факультет топтары арасында қабырға газеттері дайындалып, оларда тіл тақырыбында түрлі қанатты сөздер мен өлеңдер жазылды. Поэзияда қаламын ұштап жүрген студенттер «Тіл достықтың дәнекері» жыр сайысында тіл тақырыбына арналған туындыларымен және ақындардың өлеңдерімен сусындады.
Апталық қызықты әрі тартысты өтті. Барлық үміткерлер білімдерін сынасып, жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсетті. Апталықтың кезеңдері бойынша жүлдегерлерді қазылар алқасының шешімі бойынша ОҚМФА ректорының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. «Тілге құрмет – елге құрмет» – деген қағидамен алдағы уақытта да мемлекеттік тіліміздің көркейіп, кең етек жаюы үшін және мәртебесі мен мерейін арттыру барысында табанды қызмет ететін боламыз.