Қазақстандық ғалымдарға өз идеяларын сатуды үйренді!

Маусымның 25 және 29 аралағында Түркістан облысында жас қазақстандық ғалымдарға арналған «Ғылыми-зерттеу жобаларын басқарудың және коммерцияландырудың өзекті мәселелері» атты Жазғы пәнаралық мектеп ұйымдастырылды. Бес күн бойы әлеуметтанушыларға, дәрігерлерге, философтарға және физиктерге инвесторларды қалай тарту керек екендігі туралы айтылды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қолдауымен маркетологтар, экономистер мен еліміздің бизнес-жаттықтырушылары мектептің 40 қатысушысымен табысты жобалардың құпияларымен бөлісті.

1186 1

Жазғы мектеп жас зерттеушілер арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың бірегей алаңы болып табылады. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қатысушылар республиканың ең жылы аймағына жиналды. Осы жерде, Түркістан облысында алдымен 40 адамға арналған танымалдық экскурсия өткізілді, одан кейін қатысушылар сабақтарға кірісті.

1186 2

Жас қазақстандық ғалымдарға арналған Жазғы пәнаралық мектептің оқушылары ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, докторанттар болды. Қатысу үшін конкурстан өту керек болды: өтінім беру, өз жобасы туралы әңгімелеу және түйіндеме ұсыну, ал үміткер келесі критерийлерге жауап беруі тиіс болды: 

- Жасы 30-ға дейін; 

- Жұмыс өтілі кемінде жоғары оқу орнында, ҒЗИ-де 3 жыл;

- Докторанттар үшін жоғары үлгерімі (транскрипттің болуы). 

Бес күннің ішінде зерттеушілер сәтті жобаны қалай құру керек екендігі, өз идеясын сауатты ұсыну, инвесторлар тарту және табыс табу туралы әңгімеледі. Кәсіби бизнес-жаттықтырушылар, социологтар, экономистер, химиктер, ІТ- мамандары және журналистер Жазғы мектептің оқушыларымен табыстарының құпияларымен бөлісті. 

1186 3

Алайда, Жазғы пәнаралық мектептің жас ғалымдары ғылыми трендтерді талқылап қана қоймады, олардың құпияларымен бөлісенді. Мектеп жұмысында фокус-топтық сұхбат жүргізілді.

Қатысушылармен сауалнама жүргізу қазақстандық ғылымның проблемаларын анықтауға және қазақстандық ғылымның сұранысқа ие саласын белгілеуге, ғылыми қызметкерлерді ынталандыруға ықпал етеді. 

Тұңғыш Президент Қорының Жазғы мектебінің аясында жас ғалымдар оқушылардың барлығына арналған ашық жаттығулар өткізді. Қордың жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес «Challenge Другой ты!» республикалық акциясын өткізді. Олар қазақстандықтарды өздерінің салауатты өмір салтын ұстану үлгісімен ынталандыруды ұйғарды.

06.07.2018, 22:09
357 қаралым