«Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындар арасындағы үздік түлек -2017»

997 1

Денсаулық сақтау  министрлігінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың мамыр айының 11-12 күндері аралығында   «Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындар арасындағы үздік түлек -2017»  байқауы өткізілді. Байқау биыл Ақтөбе  қаласында М.Оспанов  атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде  өтті.

997 2

Осы байқауға біздің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан ең үздік деген бітірушілер қатысты. 

Байқау нәтижесі бойынша біздің Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  фармацевтика академиясының қатысушылары жоғары дәрежелі  көрсеткіштермен оралды. 

Республикалық байқауда медициналық жоғары оқу орындар арасында  ОҚМФА командасы  «Үздік команда»  дипломымен марапатталды.

997 3

«Терапия» мамандығы бойынша Сражиева Эльмира II дәрежелі орын;

«Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша Рахышова Раушан II дәрежелі орын;

«Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша Қалдыкөзова Назгүл II дәрежелі орынға ие болды.

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасының доцент м.а Бектибаева Назипа Шахмановна мен Куандыков Ерлан Кенесбаевич ғылыми жетекшілік еткені үшін сертификатпен оралды.

15.05.2017, 22:58
515 қаралым