Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан - ғасырлар арманы!» салтанатты іс-шара
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, 2016 жылдың 14 желтоқсан күні қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы мен ОҚМФА Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзімен ұйымдастыру және экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры Махатов Бауыржан Калжанұлы сөйлеп, барлық іс-шара қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Б.Қ.Махатов ОҚМФА профессор-оқытушылар құрамына жемісті жұмыстары үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының 25 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне, академияның стратегиялық даму жоспарына тоқталып өтті.
Салтанатты рәсімде ОҚМФА қызметкерлері білім және ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін төс белгілер, Құрмет грамоталар, алғыс хаттармен марапатталды.
«Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы!» салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. «Қазақ, орыс және латын тілдері» кафедрасы оқытушылары көрермендерге қазақ халқының зұлматқа ұшырауы, қазақ зиялыларына қарсы жасалған саяси қуғын-сүргін шаралары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы хроникалды кадрлар, көркем фильмдердің үзінділері мен фотосуреттерін ұсынды.
Академия студенттерінің орындауындағы «Туған жер», «Алға, Қазақстан!», «Ұлы дала»патриоттық әндері,түрлі жанрлардағы билер барлық көрермендерде ұмытылмас әсер қалдырды.
Отанымыздың туы бейбіт аспан астында желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлемге паш етсін!