Қазақстан Республикасы кардиологтарының ХI Конгресі

2019 ж. 5-7 маусым аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық медицина университеті, Қазақстан Республикасы кардиологтар қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасының кардиологтарының ХІ Конгресі өтті.

Конгресс жұмысына Италия, Нидерланды, Германия, Ресей, Украина, Беларусь, Қазақстан Республикасының ғалымдары қатысты. Конгрестің ғылыми тақырыбы кардиология мен кардиохирургияның өзекті мәселелерін қамтыды: коморбидность мәселелері, жүректің ишемиялық ауруларын диагностикалаудағы, емдеудегі және алдын алудағы жаңа тәсілдер, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аритмология мәселелері, интервенциялық кардиологиядағы инновациялар, кардиологиялық науқастарды оңалту мәселелері және т. б.

Конгресс аясында сателлиттік симпозиумдар мен секциялық ғылыми отырыстар, Қазақстан мен шет елдердің жетекші мамандарының дәрістері мен мастер-кластары, жас ғалымдар байқауы, стендтік сессия өткізілді. Конгресс жұмысына "Ішкі аурулар пропедевтикасы" кафедрасының меңгерушісі Ж. Ә. Қауызбай және "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А. А. қатысып, ауызша баяндамалар жасады.

1415 1

Пленарлық отырыстың модераторлары: ҚР кардиологтар қауымдастығының президенті – м.ғ.д., профессор С. Ф. Беркинбаев, "Ұлттық медицина университеті" ректоры - м.ғ.д., профессор Т. С. Нұрғожин, профессор Марио Марзилли, Пиза университеттік госпиталі (Италия).

1415 2

1415 3

1415 4

13.06.2019, 21:44
355 қаралым