Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы тек алға қозғалады және кәсіби мерекені лайықты қарсы алуда!

792 1

Салтанатты жиналыста медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Б.Махатов академия қызметкерлеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің марапаттарымен көпжылдық және жемісті жұмысы үшін құттықтады. Стратегиялық дамыту және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.Ахметова және «Неврология, психиатрия» кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Дущанова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісіне ие болды, медициналық факультетінің деканы Б.Долтаева және декан орынбасары М.Сапақбай «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. МСАК кафедрасының меңгерушісі Н.Югай ДСӘДМ Құрмет грамотасына, «Педиатрия» кафедрасының ассистенті К.Қарсыбаева ДСӘДМ алғыс хатқа ие болды.

792 2

Академияның топ оқытушыларының үлесі ректор грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен атап өтілді.

20.06.2016, 03:06
429 қаралым