ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ОҚМФА ҚАБЫРҒАСЫНДА ҮШІНШІ РЕТ ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЕҢ АУҚЫМДЫ ІС ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

673 1

Үшінші рет Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия қабырғасында Қазақстан мен тмд елдерінің жас ғалымдары мен студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының Қорымен бірігіп өткен жылдың ең ауқымды іс шарасын - «БИОЛОГИЯ, МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» атты жас ғалымдар мен студенттердің үшінші халықаралық ғылыми  конференциясын өткізді.

673 2

Конференцияны  ғылыми-клиникалық жұмыс бойынша проректор  Б.К.Нурмашев ашып, конференция жұмысында Өмір жайлы ғылым Орталығы, Астана Ұлттық лабораториясы, Назарбаев Университеті; «Астана медициналық университеті» АҚ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Семей медициналық университеті, ДСЖМ, Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.; Марат Оспанов атындағы БҚММУ,. Ақтөбе қ., сондай-ақ Санкт-Петербург, Бишкек, Ростов на Дону қалаларынан жас ғалымдар мен студенттердің қатысқанын атап өтті.

673 3

Құттықтау сөзбен шыққандар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Ұлт Көшбасшысы Қорының өкілі Роза Макашевна Едігеева, Назарбаев Университетінің Өмір жайлы ғылым Орталығының ғылыми қызметкері Айнұр Жармұхамбетовна Ахметова, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (Россия) Вавилов генетиктер мен селекционерлер қоғамының ғылыми хатшысы Антон Александрович Нижников, НЦКиТ жанындағы молекулярлы биология және медицина институтының ғылыми қызметкері Эльнура Талайбекова (Бишкек қ., Қырғызстан).

Сонан соң пленарлық мәжіліс өтті, онда баяндама жасағандар: А.Б.Молкенов (Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан), А.М.Талғатбек (  Яссауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан), Э.Т. Талайбекова( молекулярлы биология және медицина институтының ҒЗИ, Бишкек қ., Қырғызстан), А.А. Мамекова(ОҚМФА, Шымкент, Қазақстан), Дмитрий Романов(Ростов на Дону, Ресей).

Ғылыми конференция екі бөлімнен тұрды: «Биологиялық ғылымдар және денсаулық сақтау»  және «Фармацияның өзекті мәселелері», олар 10 секцияны қамтыды. Үздік баяндамалар құнды сыйлықтармен марапатталды.

673 4

Алаңшада Қазақстан және ТМД-ның жас ғалымдар қауымдастығы заманауи зерттеулердің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ олардың даму болашағын қарастырды.

Конференция  жұмысына қатысатын жас ғалымдар мен студенттер:  Өмір жайлы ғылым Орталығы, Астана Ұлттық лабораториясы, Назарбаев Университеті; «Астана медициналық университеті» АҚ, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, Семей медициналық университеті, ДСЖМ, Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.; Марат Оспанов атындағы БҚММУ, .Ақтөбе қ., сондай-ақ Санкт-Петербург, Бишкек, Ростов на Дону қалаларының алдыңғы қатарлы медициналық жооларының мамандары.

Жыл сайын  конференцияға өз жұмыстарын жіберіп, сырттай қатысушылар мекені ұлғаюда.  Соңғы үш жылда Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, шалғай шетелдегі жоолармен тығыз қатынас орнатылды. Олардың  қатарында: И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медициналық университеті, Белорус мемлекеттік медициналық университеті (Минск қ.); Ұлттық фармацевтикалық университет (Харьков қ., Украина); Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент қ., Өзбекстан); Қырғыз мемлекеттік фармацевтикалық академиясы (Бишкек қ.); Армения Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының им. Л.А.Орбели атындағы Физиология Институты (Ереван қ.); медициналық микробиология институты, Цюриха Университеті (Германия); Center for Medical Research, Medical University of Graz, Graz, Austria; Columbia University (Нью-Йорк, США), " Ұлттық Ғылыми кардиохирургиялық орталық", Ұлттық медициналық холдинг (Астана, Қазақстан); П.Г.  Демидов атындағы Ярославль мемлекеттік университеті, (Ярославль қ., Ресей); Тюмень мемлекеттік медициналық университеті, (Тюмень қ., Ресей Федерациясы); В.Н. Каразин атындағы Харьков Ұлттық университеті (квантты радиофизика кафедрасы, Харьков қ., Украина); РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Башқұрт мемлекеттік медициналық университеті (Уфа қ., Россия); Одесса Ұлттық медициналық университеті (Одесса қ., Украина); Оңтүстік Орал мемлекеттік медициналық университеті, (Челябинск қ.); Харьков дипломнан кейінгі медициналық академиясы (Харьков қ., Украина); Дәрілік құралдар мен медициналық белгідегі құралдардың мемлекеттік орталығы (Харьков қ., Украина); Донецк Ұлттық университеті (Донецк қ.); .Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ(г.Астана қ.); НЦКиТ жанындағы молекулярлы биология және медицина институтының ҒЗИ (Бишкек қ., Қырғызстан); №1 қалалық емханасы ( Павлодар қ.), Шымкент қ. және Оңтүстік-Қазақстан облысының медициналық ұйымдары.

673 5

Конференцияның электронды пошта мекенжайына 300-ден астам мақалалар мен тезистер түсті. Бұл Қазақстан иен Еуразия экономикалық одағы жооларының ғылыми мектептері мен ғылыми-зерттеу институттарының сабақтастығының маңыздылығын көрсетеді. 

Конференция  барысында Қазақстан мен ЕАЭО жас зерттеушілерінің әрекеттестігі мен өзара пайдалы ынтымақтастығына көңіл бөлінеді.

Конференция материалдары бойынша жас ғалымдар мен студенттердің Ғылыми жұмыстар жинағы басылып шығарылады.

Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Өткен 2015 жылдың маңызды оқиғаларының бірі: Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы G-global коммуникативтік алаңшасында 2015 жылдың 9 желтоқсанында, жергілікті уақыт бойынша сағ.15.00-де, «он-лайн» режимінде Өмір жайлы ғылым Орталығы мен Астана Назарбаев Университетінің Ұлттық лабораториясы, «Санкт-Петербург мемлекеттік университеті», Санкт-Петербург қ., РФ, НЦКиТ жанындағы молекулярлы биология және медицина институтының ҒЗИ (Бишкек қ., Қырғызстан) жас ғалымдары мен студенттерімен видеоконференцияға қатысты.

18.12.2015, 04:48
552 қаралым