Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бүгінгі келісім – болашақ кепілі» атты шара қорытындысы бойынша «акушерия және гинекология курсымен АМСЖ» кафедрасының ЕСЕБІ

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

Қазіргі таңда бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйымдастыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

2015 жылдың 3-6 ақпан күндері Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамаблеясы Жылының бастау алуына арналған салтанатты  шара өткізілді.  

ҚХА Жылының алуына арналған салтанатты шаралар бағдарламасы төмендегідей жүзеге асты:

2015 жылдың 3 ақпаны (сейсенбі)

- «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» дәріс-таныстырылымы. ҚР Президентінің жанындағы МБА

- «Қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық саласындағы қазақстандық саясат пен тәжірибе терминдері мен ұғымдары» этносаяси сөздігінің таныстырылымы Ұлттық академиялық кітапхана

2015 жылдың 4 ақпаны (сәрсенбі)

 - «ҚХА – 20 жақсы іс!» - «Тайқазан» Түркістан қ.

2015 жылдың 5 ақпаны (бейсенбі)

Күні бойына «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» дәріс-таныстырылымы    Астаны қ. 11 ЖОО

2015 жылдың 6 ақпаны (жұма)

 - Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының туын салтанатты көтеру рәсімімен бірге «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» флеш-мобы Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаң

- Халықтық-қолданбалы өнер шығармашылығы шеберлерінің «Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі Бейбітшілік және келісім сарайының холы (0-қабат) 

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының салтанатты бастау алу рәсімі Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жалауы Шымкентте де көтерілді.

ОҚО, Шымкент қаласында 06.02.2015 жылы барлық ұлт өкілдері жиналған өте ауқымды іс шаралар өткізілді. Шарада достығы мен татулығы жарасқан ұлт өкілдері жиналды. Көпұлтты, зайырлы Мемлекет екеніміздің тағы бір көрінісі айқын көрінді. Болашақ ұрпаққа, жастарымызға «Бүгінгі келісім-болашақ кепілі» екендігі жеткізілді.

Алаңда ондаған студент қатысқан жастардың флеш-мобы ұйымдастырылды.   Жүздеген шарды көкке ұшырған соң, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы логотипінің көшірмесі мен жалауын және аймақтың гербін көтерді. Шара Түркістан сарайында жалғасты. Мұнда Елбасының құттықтау сөздерін ОҚО әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев көпшілікке оқып берді.

 

        Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент                        Югай Н.В.

        Тәрбие жұмысына жауапты                                     Айтбекова А.М.

 

 

 

 

 

 

 

19.02.2015, 16:13
670 қаралым