Қазақстан халқы Ассамблеясы мен шетел студенттері арасындағы кездесу

1438 1

Бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.

ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Қазақстан 150 ұлт өкілдері үшін туған өлке болып кетті.

1438 2

Осы бағытта Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28 қыркүйек күні Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп ОҚМА үлкен мәжіліс залында кездесу өтті. Аталған кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық насихаттық топ мүшелері: М.Бесбаев, Т.Жанәділов, Ұ.Айтубаева қатысып, Шымкент қаласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамассыз ету, мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, этносаралық қатынастарды арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шетел азаматтарының Қазақстандағы құқықтары мен міндеттері жөнінде ескертілді.

1438 3

Сонымен қатар, 2019 жылдың 02 қыркүйек күні шыққан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты халыққа арнаған Жолдауы талқыланып, «Жастар жылы» мен «2020 жыл - Еріктілер жылы» болып белгіленуіне орай, негізгі міндеттер мен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәліметтер айтылды.

1438 4

03.10.2019, 03:43
389 қаралым