«Қазақ мемлекеттілігінің тарихы - болашақтың негізі»

658 1 1

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы оқытушыларының бастамасымен «Қазақ мемлекеттілігінің тарихы - болашақтың негізі» атты факультетаралық студенттік  ғылыми-ағарту  конференциясы ұйымдастырылды.

Конференцияның барысында студенттердің зерттеушілік және ағартушылық жұмыстарының белсенділігінің арттуына және оқытушылар мен студенттердің арасындағы өзара қарым-қатынастарының нығайуына көңіл бөлінеді.

658 2 2

Конференция бір мезгілде екі кезеңнен жүргізілді: берілген тақырып бойынша ғылыми баяндама және мәнерлеп оқу конкурсы.

Конференцияның секциялары:

1.Қазақ хандығының 550 - жылдығы.

2.Тәуелсіздік және Президент – мемлекеттілігінің негізі.

3.Әлеуметтік қызметтердің жаңа түрлері, қызмет көрсетудің құрылымы, алынатын қызметтердің қанағаттанарлық деңгейлері.

658 3 3

Ғылыми тәжірибелік конференцияның 1-кезеңде Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы студенттері тақырыпқа байланысты қара өлең оқыды және баяндама жасады. Конференцияға 60-қа жуық студенттер мен кафедраның  кейбір оқытушылары мен жетекшілері белсенді қатысты. Баяндама және мәтін оқудың сапалылығы мен ғылыми  жағынан 1-орынды 201МІК тобының студенті Асанова Н., 2-орынды 103ФК тобының студенті Көпжасар Т., 9-201МІК тобының студенті Асилбекова Ұ,. Алтынсарин А., 3-орынды Шотбай А., 203 тобының студенті Уримбаева Д., Арипова., 202ЕІЖҚ тобының студенті Қыдыр Б.  иеленді.

Қара өлең оқудан 1-орынды Жақаш А., 2-орынды Көпжасар Т., Ділдахан А., 3-орынды Сейілхан А., Еркінбекова С., Қылышбай Г. алды.

Соңында калған студенттер конференцияға қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

09.12.2015, 02:58
521 қаралым