Аутодеструктивті жағдайларды алдын алу

2024 жыл мамыр айының 10-ы күні ОҚМА-ң «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен
«Жастар мен жасөспірімдер арасында суицидтік жағдайларды алдын алу және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайту» тақырыбындағы әңгіме пікірлесу сабағы өткізілді.
Бүгінгі таңда бізді ойландыратын өзекті мәселелердің бірі - бұл адамның өз- өзіне қол жұмсауы (суицид). Соңғы кездері кейбір үлкендердің, жастарымыздың психологиялық күйзелісті бастан кешіріп жүргенін жиі кездестіреміз.
Аға оқытушы Қабыл А., Махатова Л.Т. аталған мәселе бойынша өз пікірлерін жекеше түрде ортаға салып, тараптардан қойылған әр түрлі сұрақтарды жоғары деңгейде, жан-жақты талдап, тұжырымдамалар жасады.
Ұйымдастыру алқасының құрамында болған кафедраның оқытушылары ,«Заң клубы» үйірме мүшелерімен және өз қалауларымен қосылған үнді ЖМША 11-23 а,б тобы студенттерімен бірге әңгіме пікірлесу сабағы өткізілді.

13.05.2024, 18:20
305 қаралым