«Ата Заңым – айбыным!»

2021 жылдың 31 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының үлкен мәжіліс залында Ғылыми-кеңес пен ҚР Конституция күніне орай жиын өткізілді. Жиынды ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып, ұжымдастарды Конституция күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Биылғы Ғылыми-кеңеске ОҚМА құрылтайшысы С.Сейтжанов қатысты. Өз сөзінде Сейтжанов академия тарихына, құрылысы басталғалы жатқан көпбейінді клиникаға, медицина саласы мен білім берудегі жаңа технологияларға тоқталып өтті. Ол білікті дәрігер болу үшін еңбектену, оқу, іздену керектігін атап өтті.

1756 1

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.Өтегенов баяндама жасап, Ата Заңымыздың маңызы мен тарихына тоқталып өтті.

1756 2

Жалпы Конституция күнін мерекелеу халықтар бірлігін нығайтуға, отансүйгіштікке баулуға, патриоттық тәрбие беруге, Конституция мазмұнын жетік білуге және оның нормаларын күнделікті өмірде қолдана білуге, құқықтық мәдениетті арттыру мен тәрбиелеуге негізделген.

1756 4

Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні құтты болсын!

31.08.2021, 19:28
399 қаралым