Ашық сабақ есебі

Ашық сабаққа қатысқандар: Емдеу ісі мамандығына жауапты әдіскер Әлімхан А.Ғ.,кафедра меңгерушісі Ералхан А.Қ., оқытушылар: Ілесова Ж.Т,Юлдашов А.М,Махамбет Д.Б.
Ашық сабақтың тақырыбы: «Жалпы сезім ағзалары»
Оқу мақсаттары: Жалпы сезім мүшелерінің құрылысы, қызметі және олардың қосымша туындыларымен танысу.
Студенттердің шағын топтарда коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, өз көзқарасын қорғау, пікірталасты қолдау.
Сабаққа барлық студенттер қатысты. Сабақ осы тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулармен, проектрмен, муляждармен, торспен, атластармен жабдықталды. Сабақ тақырыптың мақсатын анықтаудан басталды.Оқытушы TBL әдісі бойынша сабақтың қалай өтетінін және жауаптар қалай бағаланатынын түсіндірді. Студенттер осы тақырып бойынша презентациялар дайындады. Оқытушы экранға сұрақтарды түрлі ойындар түрінде шығарды, оларды студенттер талқылап, 15 минут шешім қабылдады. Студенттер тапсырмалардың шешімдерін жариялап, өзара талқылады. Қорытынды шығару кезінде оқытушы бағалау формасына командалық жұмысты бағалау нәтижелері үшін қосымша балл қосып, ұпайларды жариялады. Соңында студенттер нені үйренді, қандай дағдыларды игерді. Әдістемеде не ұнады, не жоқ деп шешті. Барлығына алғыс айтты.
Оқытушылар студенттердің жұмысы мен білімдерінің жағымды әсері, сабақтағы белсенділік, тапсырмаларды орындауда шешім қабылдаудың дербестігі, оқытушының сабақ жүргізудегі шеберлігі туралы пікірлерін білдірді.
Ашық сабақты 20.12.23 ж «Морфологиялық пәндер» кафедрасының оқытушысы Каримжанова Д.Б. өткізді.

28.02.2024, 16:48
335 қаралым