Ашық дәріс сабағы: Этика. Құндылық философиясы
Қараша айының 21-і күні «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Т. Сабитов «Философия» пәні бойынша 2-курс В-ЖМШАБ-09,10-22 шетел білім алушыларына ағылшын тілінде «Этика. Философия ценностей» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
Ашық сабаққа оқу орнының Оқу бөлімінен, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Этикалық ілімдердің тарихи типтері және құндылықтар теориясының негіздері, құндылық ұғымы, адамгершілік ережелері және құқық ережелерін түсіндіру мақсатындағы сабақ барысы белсенді оқыту әдісі арқылы жүргізілді. Сабақта кері байланыс орнатылып, білім алушылар талданған мәселелерге байланысты өз ойларын білдірді, сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.
Қатысушылар ашық сабақ соңынан аталған тақырып бойынша арнайы жасақталған оқулық кітаптар, оқу құралдары, ғылыми жинақтар, мерзімді басылымдар көрмесімен танысты.