АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАСҚАСУДА

2023 жылғы 31 мамыр және 4 маусым аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде «Фармакогнозия» пәні бойынша КеАҚ «Астана медицина университетінің» "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенттері практика жетекшілерімен бірге, кафедра меңгерушісі, доцент, б.ғ.к. Айнаш Атимтайқызы және кафедра оқытушысы Н. С. Изтлеу - Төлеби ауданы Керегетас ауылындағы Қасқасу ауылдық округінде орналасқан «Дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және қайта өңдеу» оқу-кәсіби базасында іс-тәжірибеден өтті.

Алдымен студенттер далалық жағдайда өсімдіктермен жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техника ережесімен танысты. Олар күн сайын тапсырмалар алып, жұмыс әдістерін үйренді.
Өндірістік практикадан өтіп жатқан «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармакогнозия кафедрасының оқытушыларымен бірге жергілікті өсімдіктермен және қоршаған орта табиғатымен таныстыру экскурсиясын өткізді.

Қонақтарды жергілікті өсімдіктердің флористикалық құрамымен таныстырды, студенттер ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, әртүрлі морфологиялық топтардың (жапырақтар, шөптер, гүлдер, жер асты мүшелері, жемістер, тұқымдар, қабықтар) шикізатын жинауды бірлесіп жүзеге асырды, дәрілік өсімдік шикізатын бастапқы өңдеуден және кептіруді, сондай-ақ гербаризациялау әдістерін жүргізді.

Тәжірибе барысында шөпті, ағашты және бұталы өсімдіктерді ескере отырып осы аймақтың жабайы дәрілік өсімдіктерінің қорын анықтау әдістерін қолданды. Білім алушылар Қазақстанның табиғи өсімдік ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға ғылыми көзқараспен қарады.

Астана медицина университетінің студенттері облыстың бай флорасына тәнті болып, ОҚМА басшылары мен академия басшылығына алғыстарын білдірді.

13.06.2023, 15:50
503 қаралым