Астана медицина университеті студенттерінің академиялық ұтқырлығы
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы 20.03.23 ж. 05.04.23ж аралығында Астана медицина университеті «Жалпы медицина» факультетінің ЖМҚБ 10-19 тобы 4-курс білім алушылары, «Балалар жұқпалы аурулары» пәні бойынша академиялық ұтқырлық аясында тәжірибелік сабаққа келді.
Кафедра ассистенті Садыхова Д.К. келген білім алушыларды кафедраның жұмыс кестесімен, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында орналасқан клиникалық базасымен, кафедраның жеке сайтымен таныстырды.
Білім алушылар әртүрлі жұқпалы патологиясы бар науқастарды бақылауға, науқастардың таңғы қарауына қатысып, тексеру дағдыларын дамытуға, науқас баланың ата-анасымен және әріптестерімен қарым-қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы интерактивті оқыту әдістерін, соның ішінде ЖМҚА 01-19; ЖМКА 02-19; ЖМҚБ 01-19 топтары білім алушыларының пәнге кәсіби қызығушылығын арттырып, жарыс атмосферасын қалыптастырады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар кафедраның ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық аясында тәжірибелік дағдылар орталығында сабақ өтті.
Астана медицина университеті қонақтарымен кәсіби қарым-қатынас жасаумен қатар, кафедрада ұлттық киімдер, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар фестивалі өтті. Астана медицина университеті білім алушылары жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының жұмысын жоғары бағалады.