«Астана медицина университеті» КЕАҚ инфекциялық аурулар кафедрасы меңгерушісінің академиялық ұтқырлығы
М.ғ.д., профессор Ш.А. Құлжанованың академиялық ұтқырлығы 25.12.2023-29.12.2023ж. білім беру қызметінде озық тәжірибе алмасуға, кәсіптік құзыреттерді жетілдіруге және білім беру қызметтері нарығында ПОҚ бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін ішкі жоғары оқу орындары арасындағы интеграциялық байланыстарды орнату шеңберінде жүргізілді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы барысында «Ересектер, балалар жұқпалы аурулары» мамандығы бойынша 1 және 2 курс резиденттеріне дәрістер оқылып, практикалық сабақтар өткізілді. Кафедра резиденттері, интерндері үшін «Қазіргі кезеңдегі қызылша» тақырыбында қосымша семинар өткізілді, сондай-ақ «Infections Stars» бакалаврлар олимпиадасына қазылар алқасы ретінде қатысты. Оқу үдерісі барысында профессор Ш.А. Құлжанова оқытудың инновациялық әдістерін (Лекция-пікірталас, консилиум, SP - standart patien, клиникалық жағдайды қорғау және т.б.) қолданды. ОҚМА-да оқыту негізінде практикалық денсаулық сақтауда сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған медициналық және фармацевтикалық білім берудің тиімді жүйесі жүзеге асырылады. Резиденттермен бірге АМУ профессоры ШҚИА ИТРБ-де науқастар консилиумын қарап шықты, инфекциялық ауруларды талдау, сондай-ақ «Қазіргі кезеңдегі қызылша», «Инфекциялық мононуклеоздың диагностикасы мен терапиясына заманауи көзқарастар», «Клиника, диагностика, және инфекция-токсикалық, септикалық шокты емдеу»
м.ғ.к. инфекциялық аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, профессор Г.Н. Абуова және м.ғ.д., «Астана медицина университеті» КЕАҚ балалар инфекциялық аурулары кафедрасының профессоры Ш.А. Құлжанова
Резидент-инфекционисттермен сабақ өтуі.
Резиденттер мен интерндерге арналған «Балалар мен ересектердегі қызылша»тақырыбында семинары
Науқастарды ШҚИА ИТРБ-де резиденттерімен қарау және консультация беру
«Infections stars» бакалаврлар олимпиадасына қатысу.