Астана медицина университеті білім алушыларының Қасқасу базасында өндірістік практикадан өтуі
2024 жылдың 10 -14 маусым аралығында Астана медицина университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары Қасқасу базасында «Фармакогнозия» пәні бойынша өндірістік практикадан өтті.
Астана медицина университетінің білім алушылары Қасқасу базасындағы практика барысында таулы аймақтар да және шалғынды жерлерде өсетін дәрілік өсімдіктердің, өсімдіктердің эндемиялық түрлерімен, сирек кездесетін дәрілік өсімдік түрлерімен танысты.
Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, гербарийлеу бойынша теориялық білімдерін шыңдап, практика барысында қолданды.
Қасқасу базасы территориясындағы мәденилендірілген дәрілік өсімдік түрлерімен, мәденилендіру ережесімен танысып, монтирлеу әдісімен гербарий үлгілерін жасады.
Практика барысында Астана медицина университетінің білім алушылары Қасқасу базасында өткізілген сайыстарға белсенді қатысып жан-жақты студенттер ретінде көрсетті.
Практика соңында Астана медицина университетінің білім алушылары Қасқасу базасында өткізілген «Фармакогнозия» практикасы жоғары деңгейде өткендігін, практика барысында алынған білімдерінің және тәжірибелік дағдыларының жақсарғандығын атап өтті.