Астана медицина университеті 4 курс студенттерінің академиялық ұтқырлығы

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы 02.05.23ж. мен 17.05.23ж.аралығында академиялық ұтқырлық аясында «Балалардың жұқпалы аурулары» пәні бойынша Астана медицина университетінің «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс ЖМҚА 10-19 және ЖМҚБ 10-19 топ студенттерін қабылдады. Кафедра ассистенттері Ахметова Г.Ш. және Жораханов Б.А. келген студенттерді кафедраның жұмыс кестесімен, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында орналасқан клиникалық базасымен, бөлімнің жеке сайтымен таныстырды. Студенттер әртүрлі жұқпалы патологиялары бар науқастарды бақылауға, науқастардың таңғы дәрігерлік қарау, тексеру дағдыларын дамытуға, науқас баланың ата-анасымен және әріптестерімен қарым-қатынас жасауға кең мүмкіншілік алды. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы оқытудың интерактивті әдістерін оқыту, TBL, PBL, Стандартталған пациент: SP – стандартты пациент, клиникалық жағдайды талдау, студенттердің пәнге кәсіби қызығушылығын арттыратын ғылыми жобаны қолданды. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық аясында тәжірибелік дағдылар орталығында сабақ өтті. АМУ студенттері жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасының жұмысын жоғары бағалады.

19.05.2023, 10:54
499 қаралым