Қашықтықтан білім беру жағдайында практиканы ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылау

Қашықтықтан оқыту жағдайында "Фармация" және "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламалары практикаларының әртүрлі түрлерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін Қазақстанның фармация мектептері мен медициналық ЖОО факультеттерінің өкілдерімен on-line режимінде 2020 жылдың 14 сәуірінде талқылау шешілді.

Конференцияға Фармация мектептерінің өкілдері, декандар, оқу департаменттерінің басшылары, Ұлттық Медицина Университеті, "Астана медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті", "Семей медицина университеті", "Батыс Қазақстан медицина университеті" кафедраларының оқытушылары қатысты. Конференцияда барлығы 72 қатысушы тіркелді.

Пандемия жағдайында қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылау үшін Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің өкілдері шақырылды. Сөз сөйлеуге фармация ғылымдарының докторы, профессор, факультет деканы - Пупыкина К.А., фармация ғылымдарының докторы, профессор Кудашкина Н. В. қатысты. Ресей университетінің әріптестері қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін әртүрлі ақпараттық платформаларды пайдалану туралы ақпаратты бөлісті. Қалада қатаң карантиндік іс-шаралар енгізілмегендіктен, 5-курс студенттері дәріханаларда практикадан өтіп, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтің барлық түрлерінде осындай күрделі уақытта практикалық фармацияға көмектеседі.

1523 1

Конференцияда фармация факультеттің кафедра меңгерушілері мен жетекші оқытушылары "Платонус" ААЖ платформасында қашықтықтан оқу режимде, өндірістік және диплом алдындағы практиканың өткізілуі туралы баяндамалардың презентацияларымен, практиканың әр түрлі мәселелері бойынша тәжірибе өткізу мониторингі мен кеңес беру үшін on-line байланыстың қосымша арналарын пайдалану арқылы сөз сөйледі. Фармация факультетінің баяндамалары келесі кафедралармен ұсынылды:

1523 2

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Ордабаева С. К. "Бітіруші курс студенттеріне дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша өндірістік практика өткізу".

Дәрілер технологиясы кафедрасы, дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Б. А. Сағындықова "4-ші курс студенттерінің дәрілер технологиясы бойынша өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу".

1523 3

Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы, фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Шертаева К. Д. "4-ші курс студенттерінің фармацияны ұйымдастыру және экономикасы бойынша практиканы ұйымдастыру және өткізу".

1523 4

Фармакогнозия кафедрасы, аға оқытушы Серикбаева Т. С "1-ші және 4-ші курс студенттерінің ботаника бойынша оқу практикасын және фармакогнозия бойынша өндірістік практикас ұйымдастыру және өткізу".

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы кафедрасы, кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Арыстанбаев К. Е. "Бітіруші курс студенттерінің дипломалды практикасын ұйымдастыру және өткізу".

Профессор, Фармация мектебінің директоры З. Б. Сақипова өткізілген іс-шараның маңыздылығын атап өтті, 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде Ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінде тәжірибе ұйымдастыру туралы ақпаратпен бөлісті және қашықтықтан білім беру мәселелерін, әсіресе қорытынды аттестаттау өткізу және дипломдық жұмыстарды қорғау мәселелерін талқылауды жалғастыруды ұсынды.

1523 5

Конференцияға қатысушылар ОҚМА-ның "Фармация" және "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламаларының студенттері үшін кәсіптік практиканы өткізу тәжірибесін зерттеу мүмкіндігіне ризашылықтарын білдірді.

1523 6

16.04.2020, 01:30
290 қаралым