Қашықтан химиялық пәндер кафедрасы профессор- оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығы

Самаркан мемлекеттік медицина университеті (Өзбекстан Республикасы) мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Казақстан Республикасы) арасындағы келісім шартқа сәйкес 16.11.-23.12.2020ж. аралығында химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., профессор м.а. Дауренбеков Канат Нарбекұлы және х.ғ.к., профессор м.а. Алиханова Халия Бакадирқызы академиялық ұтқырлық аясында СММИ-ның емдеу ісі мамандығының 1 курс студенттеріне онлайн режимінде «Медициналық химия» пәнінен дәріс оқыды және тәжірибелік сабақтар өткізді.

1619 1

Дәріс және тәжірибелік сабақтар барысында білім алушылардың қызығушылығын арттыру және ойлау қабілеті мен құзыреттіліктерін дамыту мақсатында оқытудың инновациялық әдістері (проблемді оқыту, кіші топтарда жұмыс жасау және т.б.) қолданылды. «Емдеу ісі» мамандығының 1-курс студенттерінің химия пәнінен бастапқы білім деңгейлері жақсы деп атауға болады және пәнді игеруде танытқан белсенділіктері мен қызығушылықтары қуантады. СММИ басшылығы және студенттер ОҚМА-ның басшылығына және химиялық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді. Бауырлас елдердің ЖОО-дары арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық өз жалғасын табатынына сенеміз.

1619 2

25.12.2020, 09:38
406 қаралым