«АШЫҚ САБАҚ - ӨЗІНІҢ АШЫЛУЫ!»
Ашық сабақ - оқытушының педагогикалық және әдістемелік жағынан тәжірибе бөлісудің оңтайлы түрі болып табылады. Оқытудың жаңа стандарттарын айқындайтын оқу – тәрбие үдерісінің негізі ретінде белгіленеді.
Осылайша, экологиялық тәрбие тақырыбында даму технологияларына сүйене отырып, аға оқытушы Ж.Т.Қысмуратованың өткізілген ашық сабағын атап өтуге болады. Сабақ барысында студенттер жоғары танымдылық көрсетті, ал өзіндік жұмыстарына қажетті жағымды эмоциялық жағдай қалыптасты. Қазіргі кезде адам мен қоршаған орта өзара қатынасының және жас ұрпақ үшін экологиялық тәрбиенің маңызы ерекше. Жастарда табиғат мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру – ұзақ және қиын үдеріс. Осы орайда көптеген мазмұнды мәтіндер, көрнекі құралдар, қызықты тапсырмалар пайдаланылды. Жоғары эмоционалдық жағдайдың қалыптасуына қарай студенттер тек білу үшін ғана емес, экологиялық өрескел мәселелерді шешу үшін де бар құлшынысын танытты. Бұл үшін «Экологиялық ойын» және экология тұрғысынан кұрастырылған ситуациялық тапсырмалар ұсынылды. Дидактикалық материал ретінде түрлі мәтіндер пайдаланылды: біреулері эстетикалық бағытта болса, басқалары ғылыми бағытта болды. Экология жағдайына тереңдей үңілу үшін «Жители Токио о бомбардировках», «Мутанты Чернобыля», «Подопытное поле. Семипалатинск» атты бейнероликтер көрсетіліп, ешкімді бейжай қалдырмады.
Студентттер адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты түсіне отырып, бақылады, зерттеді, салыстырды. Осыған байланысты орыс тілін оқытудың бағдары білім және дамытушылық мақсаттарға жетелейтінін айқын көреміз.Бір жағынан бұл ақпаратты қабылдау және түсіну, ал екіншісі – бұл ақпарат жайлы өз түсінігінді еркін жеткізе білу.
Ашық сабақты шығармашылық және әдістемелік тұрғысынан жоғары білімді оқытушы өткізді, сондықтан дәріс нәтижелі, мазмұнды, қызықты өтілуге өнеге ретінде ұсынылғаны анық болды.