«Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу» атты тақырыптағы кездесу

2016  жылдың  14-18  наурыз аралығында  ОҚМФА  Жастар  денсаулық  орталығының  басшылығымен  «Дерматовенерология  және  инфекциялық  аурулар», «Гигиена-1»  кафедраларында  508 ҚДС,  404 ҚДС,  201 МПД,  202 МПД, 306 МПД, 505 МПД  кураторлық  топтар қатысуымен «Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу іс – шаралырын жүргізу және ұйымдарға санитарлық – эпидемиологиялық талаптар» бойынша № 136  22.02.2015ж ҚР ҰЭМ бұйрығына сәйкес салауатты  өмір  салтын  үгіттеу  мақсатында «Аса  қауіпті  жұқпалы  аурулардың  алдын  алу»  атты  тақырыпта  кездесулер өткізілді.

745 1

Кездесу  ұйымдастырушылары: каф. меңг. Б.З.Долтаева; м.ғ.к. Г.К. Ергебекова  және  оқытушылар  М.А Тайжанова, М.М Оразова, О.А Ермолаева, Э.Н.  Балабаева, Ж.Б. Жаксыбаева.

202 МПД  тобының  студенттері  туберкулез  туралы  плакат  жасады.

745 2

Бірінші  болып  аға оқытушы Г.Н. Нуралиева  қазақ тілінде  қазіргі    қоғамдағы  аса қауіпті  жұқпалы  аурулардың  алдын  алу  ерекшеліктері туралы  баяндаманы  оқыды: «Жұқпалы  аурулардың  алдын алудың  негізгі  ерекшеліктері  бірнеше  жұқпалы  үдерістерге  әрекет  ету, әсіресе: микроорганизмдерді жою, адамның  жұқтыруына  жол  бермеу мақсатында  инфекцияның  берілу  жолдарына  кері  әрекет  ету, иммунитеттің  инфекцияға қарсы  тұруын  күшейту  үшін  адам  ағзасына  әрекет  ету».

745 3

Келесі болып  аға  оқытушы  Тойжанов  Б.К. орыс  тілінде  туберкулез  туралы  баяндаманы оқыды: «Туберкулез тақырыбы әсіресе  студенттер үшін  өзекті. Туберкулез ауруымен  барлық  жастағы  топтар – жаңа туылған нәрестелерден  кәрі  жастағы  адамдарға  дейін  ауырады. Жұқпалы  аурудың  негізгі  көздері: туберкулезбен  ауырған  жануарлардың  еттері, сүт  тағамдары  және  туберкулезбен  ауырған  адам».

745 4

Іс – шара  соңында  плакаттар, парақшалар  таратылды  және  фототүсірілім  жүргізілді.

17.03.2016, 22:08
539 қаралым