Артериалды гипертензия

659 1 1

2015 жылдың 18 қараша айында ОҚМФА-ның  «Терапия бакалавриат» кафедрасының меңгерушісі  медицина ғылымдарының докторы, профессор          Бекмурзаева Э.К. және кафедра ассистенті Байдуллаева Б.М. ұйымдастыруымен дәрігерлік емдеу ісі мамандығының 3 курс студенттері арасында «Артериалды гипертензия» тақырыбына оқу-методикалық семинары өткізілді.

Семинардың басты мақсаты осы патологияның өзектілігі, яғни өмірлік маңызды нысана мүшелерді зақымдап, жұмысқа қабілетті науқастарды мүгедектікке және өлімге алып келуі.

659 2 2

Осы тақырыпта студенттердің тарапынан презентация және бейнефильмдер дайындалды, онда БДСҰ жаңа классификациясы бойынша медикаментозды емнің және алдын-алу шараларының міндеттері көрсетілді.

Сонымен қатар, симуляциялық науқастың қатысуымен рөлдік ойындар ұйымдастырылды.  Біз мұнда Коротков  тонометрінің көмегімен АҚ өлшеудің дұрыс техникасын көрдік және кері байланыс орнату мақсатында викториналық ойындар ойнатылды. Ойын барысында барлық студенттер белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді.  Әрбір топ осы тақырыпты түбегейлі ашатын постерлік докладтар дайындады, бұл  докладтар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және семинар қонақтары тарапынан «өте жақсы» бағаға ие болды.

Әрі қарай семинар қонақтары медицина факультетінің деканы   Аширов Б.О. және ОҚМФА ОӘО өкілі Пак А.В. өткізілген семинарға өздерінің жақсы деген бағаларын берді.

659 3 3

Бұл семинар жастардың білім деңгейін және сақтық шараларын жақсартуға, жоғарлатуға, сонымен қатар, өздерінің кәсіби жолында салауатты өмір салтын насихаттауда қолданады деп шын жүректен сенеміз.

Семинар соңында кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмурзаева Э.К. семинарға келген қонақтарға және студенттерге алғысын білдіріп, оларға алдағы оқу жолына сәттілік тіледі. 

10.12.2015, 03:14
550 қаралым