ARES-2014 халықаралық жоғары оқу орындарының рейтингі
Еуропалық ғылыми-өндірістік палата «Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2014» жоғары оқу орындарының рейтингін шығарды. Қазақстандық жоғар оқу орындар ішінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы да өзінің бағасын алды.
ARES-2014 жоғары оқу орындарының рейтингін жасау мақсаты – университеттердің студенттерді қажетті біліммен қамтамасыз ету қабілетін бағалау, сонымен бірге келешек жұмыс берушілермен белсенді түрде қарым-қатынас орнату және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу мүмкіндігін бағалау.
ARES рейтингі Еуроодақ стандарттары бойынша жасалады. Бағалау барысында ғылыми жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, түлектерге деген сұраныс, ақпараттандырылуы, еуропа ғылым академияларындағы мүшеліктер, марапаттар, жұмыс берушілермен қарым-қатынасы есепке алынады.
Жоғары оқу орнының мәліметтері талданғаннан кейін, әр оқу орнына өзінің бағалау категориялары берілді: А, В және С. А категориясы жоғары, ал В оқыту сапасы мен ғылыми жұмысының сенімділігіне және түлектердің жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болуына байланысты беріледі. Рейтинг автоматты түрде, адами факторға байланыссыз жүргізіледі.
Рейтинг мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қазақстан жоғары оқу орындарының ішінде ВВ категориясы бойынша 34 позицияны иеленіп тұр.
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық
ұтқырлық секторы.
16.02.2015,
22:36
654 қаралым