«Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында ардагерлермен кездесу

2024 жылдың 15 ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «AMANAT» партиясының ұйымдастырумен «Ардагерлерді ардақтайық» патриоттық жобасы аясында қаламыздың ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов, Шымкент қалалық Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының төрағасы Ғ.Майханов ауған соғысының ардагері А.Мамытбеков және Марфологиялық кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу мақсаты – ардагерлерге ардайым қол ұшын созу, ардагерлер мен жастарды байланыстыру, патриоттық тәрбиені нығайту, ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қалыптастыру. Қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту.

Сөз кезегін алған қонақтар соғыс 10 жылға созылып, еліміздің жас жігіттері соғыстың бел ортасында болғанын, берілген тапсырмаларды орындау үшін, өлім мен өмір үшін арпалысқан жанкештілікті көргенін, өз халқының намысын қорғау үшінжан аямай күрескендерін жеткізді.

Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз.

19.02.2024, 10:23
352 қаралым