Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің доценті Қ.Е.Амрееваның сапары

2017 жылдың 13 және 22 сәуір аралығында ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында «Гигиена-2» кафедрасына ҚММУ «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының доценті, м.ғ.к  Қымбат Ералиевна Амреева келді.

980 1

Қ.Е.Амреева «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының 4 курс студенттеріне «Тағам гигиенасы» пәнінен өзекті тақырыптарға тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ сабақтарын жүргізді. Сабақ жүргізу барысында жағдайлық есептер, презентациялар қолданылды.

Сонымен қатар, «Гигиена-2» кафедрасы оқытушылары үшін Қ.Е.Амреева 24 академиялық сағат көлемінде «Тағамдық өнімдердің ксенобиотиктермен ластануы» тақырыбында семинар өтті. 

980 2

Тәжірибелік сабақтар мен семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті, студенттерге ғана емес, оқытушыларға да қызықты болды, сонымен қатар, ақпарат алмасуға және оқытушылардың кәсіби деңгейінің өсуіне мүмкіндік туғызды.

25.04.2017, 04:30
430 қаралым