«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

668 4

Үстіміздегі жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен тәлімгерлік топтар студенттерінің қатысуымен  біздің елімізге сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптерімен жазылған Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тақырыпта кең ауқымды ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді.

668 1

Тәлімгерлік сағатты кафедра тәлімгері, доцент Серікбаева Айгүл Жұмаділлақызы  ашып беріп, іс-шараның негізгі мақсаты жастарды тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды сақтап-қастерлеуге, саяси ақиқат жолында мерт болғандарды еске алып дәріптеуге,  оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстан Тәуелсіздігінің нығаюына, еліміз үшін қызмет етуге, патриот, Отаншыл жастар тәрбиелеуге үйрету екендігін атап өтті.        

Келесі сөз кезегін алған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Қаратаева Фарида Муслімқызы желтоқсан көтерілісі жөнінде  құнды мағлұматтарымен бөлісіп, бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы, әрі қайғылы, әрі бақытты күн, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі екендігі ақиқатқа айналып отырғандығын жастарға айтып түсіндірді.

668 2 

Тәлімгерлік сағат барысында  арнайы бейне-баяндар, тағылымдық баяндамалар оқылып, желтоқсан көтірілісінің басталуынан Тәуелсіздік алған жылдар аралығындағы елеулі оқиғаларынан тарихи шолулар жүргізілді. Әсіресе, осы Желтоқсан көтерілісі туралы Кремльдің төрінде айтылған «Кремльдің қабырғасында тұп-тұра бомба жарғандай етіп сөйлеген» М.Шаханов жайлы бейне-баян залдағы тыңдаушыларды бей-жай қалдырған жоқ.

Желтоқсан құрбандарына арнайы 1 минут үнсіздік жариялап еске алынды, өмірбаяндарына шолу жасалып, көтеріліс барысындағы кезекті шағын қойылымдар көрсетілді.

668 3 

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 24 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты болсын!

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы

18.12.2015, 02:21
520 қаралым