Ақпараттық хат!

ОҚМА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы жылда өткізілетін Қазақстан Республикасының ғылым апталығы аясында «Ғылым - әлемді танудың тиімді жолы» халықаралық постерлі баяндамалар байқауын өткізеді
Күні мен өткізілу уақыты: 19 сәуір 2022 жыл 15:00 (Нұр-Султан уақытымен)
Байқауға қатысушылар: Байқауға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.
Байқау мақсаты: фармация ғылымдары саласындағы болашақ ғалымдар, педагогтар мен тәжірибешілердің ғылыми-зерттеу қызметіндегі инновациялық жетістіктерін көрсету.
Байқау ұйымдастырушылары: ОҚМА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы.
Қазылар алқасының құрамы: ОҚМА жетекші серіктес-ЖОО оқытушы-ғалымдарының халықаралық алқасы.
Конкурс ашық болып табылады және бір турда өткізіледі. Ұсынылған жұмыстар авторлық ғылыми, зерттеу, шығармашылық, әдістемелік әзірлемелерді көрсетуі тиіс.
Орындар қазылар алқасының шешімі бойынша келесі түрде бөлінуі мүмкін: 1 орын - бір қатысушыға, 2 орын - екі қатысушыға, 3 орын - үш қатысушыға. Қазылар алқасы мүшелерінің арнайы номинацияны құруға құқығы бар.
Конкурсты өткізу тәртібі
1. Болжамды қатысушылар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына өтініштер мен постерлік баяндамалар жібереді.
2. Ұйымдастыру комитеті төменде берілген критерийлерге сәйкес өтініштерді іріктейді; қатысушыларды байқауға өткені туралы хабардар етеді; халықаралық қазылар алқасы мүшелерінің алқасын құрады; байқауды өткізу процестерін ұйымдастырады.
3. Байқау барысында қатысушылар өздерінің постерлік баяндамаларына офлайн режимінде (шетелдік қатысушылар - онлайн) комментарий ұсынады.
4. Сұрақ-жауап, баяндамаларды талқылау.
5. Барлық қатысушылардың баяндамалары аяқталғаннан кейін қазылар алқасының мүшелері нәтижелерді талқылауға жіберіледі және ұйымдастыру комитеті үшін қорытынды шешім шығарады.
6. Қазылар алқасының мүшелері байқау нәтижелерін және жеңімпаздардың аттарын келісім бойынша жариялайды.
7. Байқауға қатысушылар берілген өтініштерге сәйкес ғылыми жетекшіні көрсете отырып, қатысқаны туралы сертификат немесе диплом алады.
Ұйымдастыру комитеті келесі критерийлер бойынша өтініштерді іріктеуге құқылы:
• Ғылыми жұмыстың өзектілігі;
• Жұмыстың зерттеу сипаты, зерттеудің жаңалығы және өзіндік ерекшелігі;
• Алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық маңыздылығы;
• Постерлік баяндаманың презентабельділігі.
Постерлік баяндама құрылымының негізгі элементтері
• Ғылыми зерттеу тақырыбы, автордың толық аты-жөні, білім беру бағдарламасы, ғылыми жетекшінің толық аты-жөні, ЖОО-ның толық атауы, қатысушының байланыс деректері (электрондық поштаны көрсету);
• Мақсаттар мен міндеттер;
• Зерттеу материалдары мен әдістері;
• Зерттеу нәтижелері;
• Қорытындылар.
Постерлік баяндамаларда иллюстрациялық материалдар болуы тиіс: графиктер, диаграммалар, суреттер, сызбалар, фотоматериалдар.
Постерде көп мәтінді пайдалану ұсынылмайды.
МАҢЫЗДЫ: постерлерлік (онлайн-офлайн) баяндамалар белгіленген регламенттен аспауы тиіс - 7 минут.
Конкурстың негізгі жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Постерлік баяндамаларды өтінішпен БІРГЕ 2022 жылдың 18 сәуіріне дейін мына мекенжайға хаттың ТАҚЫРЫБЫН МІНДЕТТІ түрде көрсете отырып: "постерлік баяндамалар конкурсына" жіберу қажет: 2022konkurs@inbox.ru
Өтініш нысанын мына сілтеме бойынша толтыру қажет:
https://forms.gle/CWs8ybB5nqjgVJKt6

15.04.2022, 17:58
416 қаралым