«Антибиотиктерді дұрыс қолдануға арналған ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік конференция»

25.10.2018ж. жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының базасында жалпы дәрігерлік тәжірибе-2 кафедрасымен бірге антибиотиктерді дұрыс қолдануға арналған ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды және өткізді. Конференцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, Астана Медициналық университетінің, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің және Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің магистранттары, резиденттері және интерн-дәрігерлері қатысты. 

1256 1

Бүгінгі таңда антибиотиктерге тұрақтылық денсаулық сақтауға қауіптердің бірі болып табылады. Ол дүниенің барлық бөліктерінде жоғары қауіпті деңгейге дейін өсіп, жұқпалы ауруларды емдеу қабілетімізге және денсаулық сақтау мен медицинаның көптеген жетістіктеріне кері әсерін тигізіп отыр.

1256 2

Мазмұнды ғылыми баяндама жасағандар: Елемес М. «Антибиотиктер тарихы кеше, бүгін, ертең», Абсадық А. «Антибиотикоассоциированные диареи у детей», Аждарбекова А., Қуанышбекқызы Б. «Проблемы антибиотикорезистентности при лечении респираторных инфекций», Ирисбаева Н. «Этиологическая структура инвазивных диарей и антибиотикочувствительность по данным ШГИБ».

Ағылшын тілінде баяндама жасағандар: Altayeva A.M. «Antibiotic resistance, Nosocomial infections», Basharova M. «ID WEEK 04-08-10-2017 San Diego. USA».

Викторина ойыны ойнатылды, оның жеңімпаздары: Башарова М., Елемес М., және Абсадык А. 

1256 3

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басты компания өткізуде «Антибиотиктер: сақтықпен қолданыңыздар!», ол халықты, үкіметті, денсаулық сақтау қызметкерлерін және ауылшаруашылығындағыларды бұл күттірмейтін мәселені шешуге әрекет жасауға шақырады.

Біріге жұмыс жасау арқылы, біз антибиотиктердің тек қажет болған жағдайда ғана және дәрігердің тағайындауымен ғана қолданылуын қамтамасыз ете аламыз. Конференция қатысушылары бұл іс-шараға жоғары қызығушылық танытты. 

04.11.2018, 21:50
228 қаралым