«Антибактериальды терапияның заманауи мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

«Деңсаулық-2016-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 26 ақпан 2019 жылы ОҚМА-ның фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы, дәлелді медицина бөлімі, педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасымен бірлесіп, ОБКА базасында практикалық денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен «Антибактериальды терапияның заманауи мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға 46 адам қатысты.

1326 1

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты антибактериалды терапияның қазіргі заманғы аспектілерін талқылау арқылы аймақтағы сапалы медициналық көмекті дамытуға және медициналық көмекті жақсарту саласында академиялық және практикалық ұйымдар арасындағы одан әрі ынтымақтастық жолдарын анықтауға мүмкіндік беру.

1326 2

Антибиотикорезистенттілік мәселесінің маңыздылығы медицинаға ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамға да әсер етеді. Ең алдымен, резистентті микроорганизмдердің пайда болуы және кең таралуы, мысалы стационарларда науқастарды емдеуге жатқызу мерзімдерінің ұлғаюына, экономикалық шығындарға және оның жоғарылауына әкеледі.

1326 3

Дөңгелек үстелде антибактериалды терапияның өзекті мәселелері, емдеу саласындағы ғылыми жетістіктер, терапияны оңтайландыру мүмкіндіктері, амбулаториялық және стационарлық деңгейлердегі антибиотикотерапияның ерекшеліктері аталынып өтті.

1326 4

Дөңгелек үстелге қатысушылар баяндама жасап, тақырып бойынша клиникалық жағдайларды талқылады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік іс-шараларғаынтымақтастық және қолдау көрсетті.

27.02.2019, 06:31
253 қаралым