Андижан қаласындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

22-23 қыркүйекте Андижан қаласында "Инфектология, эпидемиология, микробиологияның және медициналық паразитологияның қазіргі заманғы мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына ОҚМА ректоры, профессор Рысбеков М.М., жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., профессор Абуова Г.Н., доцент Бердалиева Ф.А. қатысты. Конференцияны Өзбекстан республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Андижан мемлекеттік медициналық институты, Ташкент медициналық академиясы ұйымдастырды. Қатысушылар - Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның белгілі ғалымдары COVID-19 коронавирустық инфекцияның, сондай-ақ басқа да өзекті, әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулардың мәселелерін талқылады. М.М. Рысбеков ОҚМА атынан құттықтау сөз сөйлеп, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі. Г.Н. Абуованың баяндамасы еліміздегі жүкті әйелдерде COVID-19 жүргізу тәжірибесіне арналды, ал Ф.А. Бердалиева Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының дифференциалды диагностикасының қиындықтары туралы баяндады. Жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің интеграциясын нығайту үшін ТМД елдері ғалымдарының тығыз ғылыми ынтымақтастығы одан әрі жалғасатын болады.

27.09.2021, 11:40
453 қаралым