«Қандай көркем – туған өлкем» тақырыбы аясында өткізілген көркем сөз оқу сайысы

30.10.2020 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармашылықтарын насихаттау мақсатында «Қандай көркем – туған өлкем» тақырыбы аясында көркем сөз оқу сайысы өткізілді.

1571 1

Сайысқа ОҚМА-да білім алып жатқан 18 студент қатысты. Кіріспе сөз ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ. Сәлімге берілді. Ербол Қалтұрсынұлы туған жер, Отан тақырыбының қай дәуірде болса да өзектілігін жоймайтыны, өскелең ұрпақтың, оның ішінде Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің елімізді қастерлейтіндігі қуантарлық жайт екенін айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

1571 2

Сайысқа қатысушылардың өнеріне Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бас маманы А.Т. Оспанова, ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының маманы Б.Р.Тасжанов және қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Абдуллабекова қазылық етті.

1571 3

Әділ қазылардың шешімімен

І орын

Садуллаев Шкурулло - В-СТОА-05-20 тобының студенті (М.Мақатаев «Отан» өлеңі);

ІІ орын

Хикматханова Динара - В-ФӨТО-06-20 тобының студенті, (Н.Жанақова «Оңтүстігім – жыр елім» өлеңі);

Абитова Нигора - В-СТОА-05-20 тобының студенті (Жұмағали Саин «Қабылда, Отан» өлеңі);

ІІІ орын

Мамедов Адиль - В-СТОБ-05-20 тобының студенті (А.Құнанбайұлы «Интернатта оқып жүр» өлеңі);

Хан Богдан - В-ЖМОА-10-20 тобының студенті (Қ.Аманжолов «Туған жер» өлеңі);

Дурсунова Фидан - В-ЖМОБ-10-20 тобының студенті (М.Жұмабаев «Туған жер» өлеңі);

Мамедова Алейна -В-ЖМОБ-10-20 тобының студенті (Т.Молдағалиев «Туған жерге» өлеңі) берілді.

1571 5

Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

04.11.2020, 14:23
347 қаралым