«Ана өмір - ана жыр»

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні жақсы көңіл-күй сыйлайтын ерекше көктем мерекесі. Сонымен қатар, осы оқу орнының әйелдер қауымына жылы сөздер және ризашылық білдіретін себеп болып табылады.

734 1

1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдық мерей тойын мерекелеу аясында мемлекет Басшысы бұл күнді Алғыс айту күні деп жариялауды ұсынды. Бұл күні Қазақстанға  сұрапыл жылдары қоныс аударған халықтар қауымдастығы бірі-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлық көрсеткендігі үшін алғыс айта алады.

734 2

8 наурыз және Алғыс айту мерекелік күндеріне орай «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасы  тәлімгерлік топтармен бірге "Ана өмір - ана жыр" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Аталған мерекелерге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарлама өте әсерлі болып өтті және әртүрлі номерлерден тұратын попуррилермен толықтырылды. Академиямыздың акт залына ОҚМФА профессор-оқытушылар қауымы, қызметкерлер және студенттер, сондай-ақ студенттердің ата-аналары шақырылды.

734 3

Студенттер жарқын мерекелік бағдарлама дайындап шықты. Сахнада еліміздің әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билері, қыз-келіншектер, махаббат және көктем тақырыптарындағы әндер орындалып, сонымен бірге аналарға арналған өлеңдердің оқылып кетуі көрермендердің зор қошеметіне ұласты.

734 4 

Студенттер қойған әртүрлі өмірлік ситуациядан алынған тәрбиелік мағынасы бар көріністерді ұйып тыңдаған көреремендер бақыт пен қуанышқа бөленіп, ал қиын өмірлік жағдайды көрген кездерінде көз жастарына ерік те беріп отырды. "Фармфак жігіттері" тапқырлар мен көңілділер командасы адамзаттың әлсіз мінездерін, әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынастың кейбір көріністерін тапқырлықпен әзілге айналдырып, көрсете білді.   Көңілді және тапқырлы студенттер мерекелік іс-шараны жандандырып, залға шат-шадыман мерекелік көңіл-күй сыйлады. Студенттердің  бұл іс-шараға аса жоғары жауапкершілікпен дайындалғаны ерекше байқалып тұрды.

734 5

Ата-аналар атынан сөз алған С.Н. Мәтіке анамыз оқытушыларға ізгі және адал еңбектері, өз ісіне деген жауапкершілігі, балалардың табысты  болашағының негізін қалауға қажетті  кәсіби біліктілігі және студенттерді қоғамдық және тәрбиелік іс-шараларға қатыстырып жүргендері үшін алғысын білдіріп, сонымен қатар, залдағы көрермендерді мерекелерімен құттықтап, барлық жақсылықтарды тіледі.

734 6

Іс-шара соңында бүкіл зал қосылып ана жайлы ән шырқап, Халықаралық әйелдер мен Алғыс күніне орай іс-шара жүргізген ұйымдастырушыларға, студенттер мен оқытушыларға  қатысушылар зор қошемет көрсетті. 

734 7

08.03.2016, 23:39
511 қаралым