Қамқорлық пен мейірімділік-әр адамның қоғамдық парызы!

2015 жылы  қазан айының 12 жұлдызында Шымкент қаласы,«Советский» мөлтек ауданында орналасқан «Бауыржан» балалар үйінде қамқорлық акциясы ұйымдастырылды. Оған мұрындық болғандар – ОҚМФА «Гигиена -2» кафедрасының меңгерушісі С.Ө.Ескерова мен кафедра ұжымы және  ОҚМФА-ның белсенді студенттері. Кафедра ұжымы мен студенттер «Бауыржан» балалар үйіне барып, тағдырдың талқысына ерте түскен жетім балаларға көмек көрсету, олардың көңілін аулау мақсатында  ОҚМФА деңгейінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік кештің шымылдығын «Гигиена -2» кафедрасының оқу ісі меңгерушісі  М.У.Бекжанова ашып, балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндерге ізгі ниетін білдірді.

Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде ОҚМФА медициналық факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша декан орынбасары Толебаева Г.Е және ОҚМФА студенттік кәсіподақ төрайымы Баймбетова Б.С қатысты.

631 1 1

Іс-шараны ОҚМФА 510 ҚДС және 401 ҚДС тобының студенттері А.Жүніс пен Ж.Исакулов жүргізді. Мерекелік кешті балалар үйінің 57 тәрбиеленушілері үшін ОҚМФА –ның белсенді студенттері   көтеріңкі көңіл- күй, әсем ән, сәнді бимен өткізуге атсалысты.

Мерекелік кеш соңында «Гигиена -2» кафедрасының ұжымы «Бауыржан» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тарту-таралғы жасап, олардың болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Өздеріне қажетті түрлі құрал-жабдықтар мен киім-кешектер, мектепке жарайтын дүниелер бәрі-бәрі бүлдіршіндерді шабыттандыра түсті.

631 2 2

«Бауыржан» балалар үйінің меңгерушісі сөз алып, кафедра ұжымына алғысын білдірсе, бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.

Біз секілді ислам дінін ұстанып келе жатқан ата-бабамыз да «Жетім көрсең, жебей жүр» деп осы тәрбиені ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді. Бұл игі істі қолға алған «Гигиена - 2» кафедрасы қайырымдылық шарасын алдағы уақытта да үзбей ұйымдастыруды көздейді.

631 4 4

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – жетім балаларға қамқорлық жасайтын, жағдайларына қарайласатын, қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтары бар елдің ғана болашағы жарқын, тәуелсіздігі тұрақты болмақ!!

11.11.2015, 23:30
522 қаралым