Алыс жақын шетел студенттерімен кездесу

2023 жылдың 26 қазан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен ОҚМА АҚ Халықаралық факультетінің “Жалпы медицина”, “Медицина” білім беру бағдарламалары бойынша алыс жақын шетел студенттері мен құқық қорғау органдары мамандарының арасында кездесу өткізілді.
Кездесу Шымкент қаласының полиция департаменті, көші-қон қызметі басқармасы, сыртқы көші-қонды бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі – Мырзалиев Жаныбек Бекетұлы және Шымкент қаласы полиция департаменті, Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі аға инспекторы, полиция майоры Сабитбек Мақұлбек және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Іс шараны ОҚМА АҚ ректоры М.Рысбеков ашып беріп, келген қонақтарға сөз кезегін берді. Шымкент қаласының полиция департаменті, көші-қон қызметі басқармасы, сыртқы көші-қонды бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі – Мырзалиев Жаныбек Бекетұлы шетелдік азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдық ережелері айтылды. Соның бірі, білім алушыларға, Қазақстан Республикасына білім алу мақсатында уақытша көшіп келу мен кетудің заңдық ережелерін толығымен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ішкі тәртібін сақтау керек екендіктері бірқатар айтылып өтті. Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жоғары деңгейде өз сауалдарына жауап алды.

27.10.2023, 13:00
309 қаралым