Алғыс айту күні

Қазақстанда Алғыс айту күнін қашан атап өтіледі? Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді. Алғыс айту күні Қазақстанның соңғы жүзжылдықта бастан өткерген тарихи оқиғаларының көрінісі іспеттес, Қазақстанда жаңа мереке, оны тойлау дәстүрінің негізі енді ғана қаланып жатыр. Бірақ бұл мейрам бүгінде еліміздің тұтастығын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтарын көрсетеді.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Алғыс айту күні кеңінен аталып өтті, бірнеше кафедралар студенттермен бірлесіп шаралар өткізді, белсенді қатысқан кафедралардын арасында: Қазақстан тарихы және Әлеуметтік қоғамдық пәндер, Әлеуметтік гумманитарлық пәндер, Инжинерлік пәндер, Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар, Қазақ, орыс және латын тілдер кафедралары бар.

Аталған кафедралардын арасында Қазақ, орыс және латын кафедрасында «Әлілетті Қазақстан-адал азамат» тақырыбы аясындағы эссе жарысы өтті, бұл іс-шаранын мақсаты:
- отанға, отбасына адалдық, парасатылық пен адамгершілік;
- адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адмның жетістіке жетуі мен құрметке ие болуы;
- жемқорлыққа жол жоқ, ел мүддесіне сай шешім қабылдау секілді тақырыптарға аса ерекше назар аударылып марапаттау сәті өтті.

Оған қоса Қазақстан тарихы және Әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасы белсенді тұрғыда ата-бабамыздың киелі аспабы домбыра арқылы кең байтақ жеріміздің байлығы мен рухын еске алып «Адай» күйін самғады, оған қоса Әлеуметтік гумманитарлық пәндер кафедрасынын қыздары өзбек халқынын «Бұхар Биін» көркемдеп ерекше ырғақпен орындады.

«Ынтымақ түбі-игілік» демекші өз ұлтарын таныстыру ретінде және де достықтың символын көрсете Инжинерлік пәндер кафедрасының шетелдік студентері шетте қалмай қазақ студентері мен қосылып іс-шараны қазақ тілінде өткізуіне қатысып, оған қоса қазақтын әйгілі «Қара-Жорға» биін әсерлеп орындады, онымен қоса Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасынын үнді студентері ыстық лебіздерін академияға білдіре отырып, өздерінін ұлттық тілдерінде мейрімділік туралы өленін орындап берді.

Қазақстан тарихы және Әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасының шетелдік студентері өздерінін дәстүрлі Үнді биін орындап көрермендердің көңілдерінен шықты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Қамтылған студентер саны - 500.
Алғыс айтуды ұмытпайық, бір-бірімізбен тату өмір сүріп, өміріміз ынтымақ пен ризашылықа толы болсын. Адам қаншалықты риза болса, оның бағы соншалықты көбейеді.

03.03.2024, 01:28
355 қаралым