АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕР ФОРУМЫ
6-8 желтоқсан аралығында «ОҚМА» АҚ қабырғасында жас ғалымдар мен студенттердің алғашқы халықаралық форумы өтті. Форум әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, ғылым, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаңға айналды. Форумға 50-ге жуық Қазақстанның және алыс-жақын шетелдің жоғарғы оқу орындарынан, ғылыми орталықтары мен медициналық ұйымдарынан 1000-нан астам жас ғалымдар мен студенттер қатысуға өтінім білдірді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі» және «қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес» екенін ерекше атап өтті. Президентіміздің осы сөздері Форумның басты мақсаты болды.
Аталмыш форум аясында келесі іс-шаралар өтті:
1. «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің X халықаралық ғылыми конференциясы;
2. Хирургиялық пәндер бойынша бірінші халықаралық олимпиада;
3. Ғылыми жобалар байқауы.
«Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің X-шы халықаралық ғылыми конференциясын келесі бағыттар бойынша секцияларда жас ғалымдар баяндама жасады:
• Өмір және денсаулық туралы;
• Теориялық биомедицина және биология;
• Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас;
• ХХІ ғасырдағы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау;
• Медицинадағы инновация: теориядан практикаға;
• Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қазіргі экологиялық гигиеналық және эпидемиологиялық аспектілері;
• Мейірбике ісін жаңғырту;
• Қазіргі медицинаның теориялық және практикалық аспектілері;
• Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары;
• Дәрі-дәрмек технологиясы: іздеу және шешімдер;
• Дәрілік заттарды фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеулерінің басым бағыттары;
• Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдірудің инновациялық тәсілдері;
• Клиникалық фармация, эксперименттік және клиникалық фармакология: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер;
• Медициналық және фармацевтикалық білім берудің гуманитарлық аспектілері;
• Техникалық ғылымдар
Ал «Хирургиялық пәндер бойынша олимпиадаға» 3-5 курс студенттері мен 6-7 курс интерндері қатысып, 12 түрлі байқауда өздерінің тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
«Ғылыми жобалар байқауы» жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми шығармашылығын қолдау болып табылды.
Форумда талқыланған ғылыми зерттеулердің нәтижелері барлық қатысушылар үшін пайдалы болады және ұсынылған ұсынымдар іс жүзінде өз қолданысын табады деген сенімдеміз.
Жас ғалымдар мен студенттердің І халықаралық форумының қорытындысы бойынша үздік деп танылған барлық қатысушыларға салтанатты түрде дипломдар табысталды.
Форумды ұйымдастыруға ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Н.Назарбаев қоры қолдау білдірді.