«Алаш көгіндегі күн - Әлихан Бөкейхан»

735 1

Биылғы жылы мемлекеттік және қоғам қайраткері, ғалым Алихан Бокейхановтың туылғанына 150 жыл толғалы отыр. Бұл мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде атап өтелмек.

735 2

2016 жылдың 23 ақпанында өз дәуірінің және бүгінгі дәуірдің батыры Алихан Бокейхановтың 150 жылдығын атап өту аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Алаш көгіндегі күн - Әлихан Бөкейхан» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Дөнгелек үстел барысындағы кездесу оның өмірі және қоғамдық-саяси қызметіне арналды. Іс-шараға ОҚММУ аға оқытушысы Ғ. Өтен, Жастар саясаты  бөлімінің менгерушісі Ғ.Д.Оразымбетова, кафедра профессор-оқытушылар құрамы, фармацевтикалық және медициналық факультеттің және колледж студенттері қатысты.

735 3 

Кеште кафедраның аға оқытушысы М.С.Төлентаев «Алаштың алып азаматы Ә. Бөкейханов» тақырыбында,  ОҚММУ аға оқытушысы Ғ. Өтен «А. Бокейхановтың мұраларының тарихының маңызы және «Мәнгілік ел» идеясымен сабақтастығы» тақырыптарында баяндамалар оқыды, сонымен қатар  кафедра менгерушісі, филос.ғ.к., профессор м.а. Қ.Б.Кемелбеков өз ойларын ортаға салды.

735 4 

Іс-шара барысында А. Бокейханның өмірі, саяси және шығармашылық қызметі жөнінде қысқаметражды  деректі фильм көрсетілді. Дөнгелік үстел оқытушылар мен студенттер арасындағы қызу пікір- таласпен жалғасты.

 735 5

Колледж студенттері ерекше белсенділік танытты. 201 топ студенттерінің ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхановтың түрмедегі өмірінен көрініс-қойылымы көрсетілді. 202 топ студенті Н. Есенгелді «Қазақтың бағдаршамы» атты авторлық өлеңін  оқыды.

735 6 

Дөнгелек үстелдің қорытындысы бойынша қонақтар мен студенттер ОҚМФА кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырған көрмесінде А.Бөкейханның еңбектерімен, әр жылдардағы журнал және газет жариялымдарын, бүкіл ғұмырын қазақ халқының азаттығы ісіне арнаған өмірі мен саяси қызметі турулы деректі повестермен танысты.

 735 7

06.03.2016, 22:30
381 қаралым