ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ҚАСҚАСУ БАЗАСЫНДА ПРАКТИКАДАН ӨТУІ

2024 жылдың 3 -14 маусым аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бойынша Қасқасу базасында «Фармакогнозия» пәні бойынша өндірістік практикадан өтті.
Білім алушылар практика барысында Түркістан болысы, Қасқасу флорасында өсетін дәрілік өсімдік түрлерімен танысып, дәрілік өсімдіктердің флористикалық тізімін құрды.

Өсімдіктердің вегетация кезеңін, тұқымдасын және тіршілік ету формасымен танысып, морфологиялық белгілері бойынша дәрілік өсімдіктерді жабайы табиғатта анықтау дағдыларын жақсартты.
Дәрілік өсімдік шикізаттарын жинау, гербаризациялау, кептіру, сақтау бойынша жұмыстар жүргізді.

Практика барысында білім алушылар Қасқасу базасында өткізілген сайыстарға қатысып өздерін белсенді студенттер ретінде көрсетті. Білім алушалардың практика жөнінде жасаған бейнероликтері қатысушылар арасында «Ең үздік бейнеролик» номинациясына ие болды.

Практика соңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім алушылары практикалық және теорилық білімдерінің жақсарғандығын, алынған білімдерін практикада қолдана алатындығын көрсетті.

24.06.2024, 16:49
307 қаралым