Академиямен 3D режимде танысу

Академия бойынша виртуалды 3D турға шақырамыз. Енді әрбір талапкердің немесе білім алушының үйден шықпай-ақ және «Ашық есік күнін» күтпей-ақ Академия аумағы бойынша серуендеуге және біздің білім беру мекемеміздің әрбір ғимаратына көз салуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Виртуалды тур көптеген жоғары және орта оқу орындарының цифрлық ресурстарында кеңінен таратылып, енгізілуде.
Қашықтан білім беру технологиялары бөлімінің маманы Жанатов Ердәуіт Нөсерұлы болашақ бірінші курс білім алушылары мен олардың ата-аналарына, түлектерге, сондай-ақ біздің академиямызға қызығушылық білдірген кез келген пайдаланушыға арналған "Виртуалды 3D тур" жобасын әзірледі.
Бұл жобаның мақсаты Академия рейтингін көтеру, болашақ бірінші курс білім алушылары үшін ыңғайлы бағдар беру, онлайн режимінде білім беру ғимараттарымен танысу болып табылады.
Жоба бойынша екінші оқу корпусын виртуалдандыру процесі аяқталды және Академия сайтында орналастырылды 3d-tour.ukma.kz.
Виртуалды немесе 3D тур 360 градустық сфералық фотосуреттерден, интерактивті және т.б. элементтерден тұрады. Ерекшеліктері ретінде сол жерде болу әсерін жеткізу және әр корпустың бөлмелерін егжей-тегжейлі зерттеу мүмкіндігін айтуға болады. Негізгі артықшылығы - интерактивтілік. Пайдаланушы қарау үрдісін өзі басқарады. Айналаңызға, көрнекі түрде қарау үшін қызығушылық тудыратын объектіге жақындай аласыз. Сондай-ақ, біршама мүмкіндіктері бар:
- үлкен материалдық және уақыт шығындарынсыз қарап-көру мүмкіндігі;
- кез келген уақытта қарап-көру мүмкіндігі;
- таңдаған обьект жайлы ақпаратты қайта қарау және тыңдау мүмкіндігі;
- жай фотосуреттермен салыстырғанда ауқымды ақпараттылық.
Виртуалды турда бір панорамадан екінші панаромаға ауысулар белсенді аймақтар арқылы өтеді. Бұл белсенді аймақтар байланысу нүктелері немесе өту нүктелері деп аталады.
Болашақта жоба үздіксіз дамып, жаңа мүмкіндіктермен және басқа оқу ғимараттарының панорамаларымен толықтырылатын болады. Сондай-ақ, жобаның маңызды артықшылығы – 3D турдың мобильді құрылғыларға қолжетімділігі.
Сізге қызықты online-саяхат тілейміз және offline-да танысуды асыға күтеміз!

17.03.2022, 23:13
581 қаралым