АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – ЖОО АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

2022 жылдың 4-15 сәуір аралығында фармакогнозия кафедрасында профессор-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығы шеңберінде «Әбу Әли Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің» МББМ фармакогнозия және фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы – Борониев Назарали Сабоиевич және профессор – Назаров Мирзо Назарович шақырылды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы «Фармакогнозия» пәнінен «Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы. Дәрілік өсімдік шикізатының гистохимиялық және микрохимиялық талдауы», «Дәрілік шикізатты талдау және стандарттау» пәнінен «Құрамында сапониндер (стероидты және тритерпенді гликозидтер) бар дәрілік шикізатты стандарттау» тақырыптары «Фармация» білім беру бағдарламасының 2, 3 және 4 курс студенттеріне арналған, «Ботаника» пәні бойынша «Саңырауқұлақтар. Қыналар», «Төменгі өсімдіктер» тақырыптары «Фармация» оқу бағдарламасының 1 курс студенттеріне және «09160100 – Фармация» білім беру бағдарламасының медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне арналған онлайн дәрістерді қамтиды.

Дәріскер Борониев Н.С. дәрілік өсімдік шикізатының гистохимиялық және микрохимиялық талдауларына, дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамына тоқталды. Сондай-ақ дәріскер биологиялық белсенді қосылыстардың әртүрлі топтары бар дәрілік шикізатты стандарттау бойынша барлық мәліметтерді атап өтті.
Профессор Назаровпен М.Н. саңырауқұлақтардың симбиотикалық бірлестіктері, олардың құрылысы және қыналардың негізгі ерекшеліктері түсіндірілді.
Медициналық колледждің 1 курс студенттерін жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер туралы сұрақтар қызықтырды, сонымен қатар ішінде көп жасушалы эмбрион бар күрделі құрылымды денелер – тұқым түзетін жоғары сатыдағы өсімдіктер талқыланды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы өзінің сапасы мен тиімділігімен көрінді, бұл өз кезегінде кәсіби біліктілікті арттыруға және оларды тәжірибеде іске асыруды жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Борониев Н.С. және Назаров М.Н. дәрістері үлкен әсер қалдырды. Материал қолжетімді және түсінікті түрде ұсынылды.
Біз Әбу Әли Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің фармакогнозия және фармацевтика экономикасын ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлеріне фармацевтикалық білім беру саласында құзыретті мамандарды дайындау аясында бірлескен нәтижелі іс-шаралары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

20.04.2022, 12:01
458 қаралым