Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктердің жарқын бастауы!

«Гигиена және эпидемиология» кафедрасының менгерушісі, доцент м.а. Утепов Пархат Дусембаевич ішкі академиялық ұтқырлық аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ «Нутрициология» кафедрасының арнайы шақыртуымен 2021 жылдың 3-5 қарашасы аралығында барып келді. Бағдарлама шеңберінде, П.Д.Утепов «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс студенттеріне «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама. Тағам гигиенасы саласындағы сараптама» пәнінен тәжірибелік сабақтар өтті.
Пархат Дусембаевичтің тәжірибелік сабақтарына қатысқан білім алушылар ғылым жолында үлкен жетістіктерге жеткен ұстаздан сабақ алу ерекше қызығушылық тудырғандығын, ғылыми атмосфераны және білім мен тәжірибе алмасудың мүмкіндігі болғандығын айтып өтті.
Сондай-ақ, Пархат Дусембаевичтің академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламасы мұнымен шектелмей, 3 қараша күні, Қазақ тағамтану академиясының жанынан құрылған, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Нутрициология» кафедрасының ұйымдастырылуымен өткен «COVID-19 и питания: новые акценты и приоритеты» атты Республикалық студенттік конференциясының құрметті алқа мүшесі болды. Конференцияға тағамтану ғылымының негізінін қалаушы алғашқы қазақ академигі., м.ғ.д, профессор Шарманов Төрегелді Шарманұлы төрағалық етті. Конференция модераторы - «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Кайнарбаева Майкуль Сайдуллаевна болды.
Екі жақты келісім бойынша өткізілген академиялық ұтқырлық нәтижесі сәтті бағаланып, «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Кайнарбаева Майкуль Сайдуллаевна Академиялық қызмет жөніндегі проректор К.Ж.Байльдинова атынан ЖОО арасындағы белсенді ынтымақтастық пен кәсіби педагогикалық шеберлігі үшін Утепов Пархат Дусембаевичке шын жүректен рахметін білдіріп, сертификат табыс етті.
Академиялық ұтқырлық бойынша басқа ЖОО ғалымдар тарту мәселесі - ұтымды және жемісті шешімдердің қатарынан болмақ. Қолға алынған іс-шаралар мұнымен шектеліп қалмай, «Гигиена және эпидемиология» кафедрасымен жалғасын табады деп сенеміз!

15.11.2021, 17:41
464 қаралым