Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктердің жарқын бастауы!

«ОҚМА» АҚ «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.
2021 жылдың 18-29 қазаны аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Қайнарбаева Майкуль Сейдуллаевна ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Гигиена және эпидемиология» кафедрасына қонақ дәріскер ретінде шақырылды.

Бағдарлама шеңберінде, М.С.Қайнарбаева 01-20 ҚДСқ тобына Жалпы гигиена, 01-19 ҚДСқ, 02-19 ҚДСо топтарына Нутрициология пәндерінен дәрістер мен тәжірибелік сабақтарын өтті. Студенттер өтілген сабақтарға қызығушылықпен қатысып, сабақ барысында тәжірибелік дағдыларын дамытуға қажетті құзыреттіліктерді меңгергендіктерін ерекше айтып өтті.

Сонымен қатар, Майкуль Сейдуллаевна «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы мен академияның «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған «Нутрициологияның өзекті мәселелері» тақырыбында ауқымды семинардың өтуіне себепкер болды. Семинарға қатысқан оқытушылар мен студенттер дұрыс тамақтану концепциясы, аурулардың алдын-алу, гендік модификацияланған ағзалар және олардың зияндылығы төңірегінде қызықты мағлұматтар алды. Семинар соңында Майкуль Сейдуллаевна қатысушыларға Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен жасалынған «Салауатты тамақтануға арналған рецептілер» ақпараттық кітапшаларын, брошюраларын ұсынды.

Кафедра ұжымына Майкуль Сейдуллаевна ҚР ҰҒА академигі, профессор Торегельды Шармановтың дұрыс тамақтану концепциясы бойынша – «ПИТАНИЕ – ВАЖНЕЙШИЙ ФАКТОР ЗДОРОВЬЯ ЧЕЛОВЕКА», «АЛМА-АТИНСКАЯ ДЕКЛАРАЦИЯ. ВЫЗОВЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВУ» монографиялық еңбектерін сыйға тартты.
ОҚМА АҚ ректоры, профессор М.М. Рысбеков С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КеАҚ «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Қайнарбаева Майкуль Сейдуллаевнаға ЖОО арасындағы белсенді ынтымақтастық пен кәсіби педагогикалық шеберлігі үшін шын жүректен рахметін білдіріп, алғыс хатын табыстады.

Доцент Майкуль Сейдуллаевнаның академиялық ұтқырлық аясындағы тығыз жұмыс кестесі оған Шымкент қаласының көрікті жерлерімен танысуға кедергі жасамады, кафедра ұжымымен бірге тамашалаған қаланың көркем табиғаты, Дендросаябағы және «Ж.Шанин» атындағы Шымкентқалалық академиялық қазақ драма театрындағы «Шырмауық»қойылымы оған естен кетпес ерекше әсер қалдырды.
Академиялық ұтқырлықтың іске асырылуы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасымен жүзеге асырылып отырған игі бастамалардың бірі. Алдағы уақытта бұл бастама өз жалғасын табады деген сенімдеміз!

01.11.2021, 21:27
485 қаралым