Академиялық ғылымның жұмыс берушімен бинарлы дәрісі

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Биоаналитикалық химия және токсикология» пәнінен жоспарлы ашық бинарлы дәріс өтті.
Бірлескен дәріскер ретінде ТашФармИ токсикологиялық химия кафедрасының доценті, фарм.ғ.д. Зульфикариева және ҚР ӘМ Сот-сараптамалар орталығының химия-токсикологиялық бөлімінің меңгерушісі Жуматаева Г.С. қатысты. Дәріс аралас форматта өтті, дәріскерлер Zoom платформасы арқылы қосылды.

Бинарлы дәрісте отандық және шетелдік ғалымдардан стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен (СҚҚП) өткір уланудың экспресс-диагностикасы туралы ақпарат алуды біріктірді. Алынған ақпаратты меңгеру студенттерге көпқырлы, өзара байланысты және өзара тәуелді кәсіби қызметтің тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Негізгі лектор, доцент м.а. Серікбаева А. Д. стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен улану статистикасы, физикалық және химиялық қасиеттері мен метаболизм жолдары, биообъектілерден оқшаулау әдістері және талдаудың алдын-ала әдістері туралы ақпаратты қамтып кетті.
Студенттер Д. А. Зульфикариева баяндаған СҚҚП тобындағы дәрілік препараттармен уланудың жанама әсерлері, клиникалық көрінісі туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Заманауи физика-химиялық әдістерді қолданып, алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, биологиялық объектілердегі токсиканттарды дәлелдейтін талдау әдістері туралы Г.С. Жұматаеваның материалы да қызықты болды. Гүлнара Сегізбаевна сот сараптамасында болған оқиға жағдайында тоқталып кетті. Ол сондай-ақ "Фармация" ББ бойынша алынған интеграцияланған білім мен дағдылар токсиканттарға химиялық-токсикологиялық талдау жүргізу процесін едәуір жеңілдететінін атап өтті.

Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар өз әсерлерімен бөлісті. Студенттер барлық дәріскерлерге осындай қызықты және көп қырлы дәрісі үшін, ұйымдастырушыларға – шетелдік оқытушылармен және жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.
Осылайша, серіктес университетпен және жұмыс берушімен өткізілген бинарлы дәріс ақпараттық материалды тиімді қабылдауы мен тереңдетіп бекітуге мүмкіндік береді. Мұндай сабақтар студентке әр оқыған немесе оқытылған пән бойынша білімді бірнеше рет қолдана отырып, білімді әрі қарай кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

10.02.2023, 20:07
650 қаралым