АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚТЫ ӘРІ ҚАРАЙ ДАМЫТУ БОЙЫНША ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

2016 жылдың 1-ші сәуір күні  Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің академиялық ұтқырлық және серіктестік бөлімімен, студенттің өзін-өзі басқару Кеңесі қатысуымен «G-global» коммуникативтік алаңында «ҚР медициналық университеттерінде академиялық ұтқырлықтың күйі мен даму жолдары» атты онлайн-конференция өтті.

759 1

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – бұл ой-өрісті кеңейтіп, басқа да мемлекеттердің ЖОО мінсіз оқу тәжірибесін алу, сонымен қатар, шет елге баруға мүмкіндік.

Бұл онлайн-конференцияның мақсаты академиялық ұтқырлықтың даму жолдарын анықтау, ҚР және басқа да шет елдің серіктес университеттермен грант бағдарламаларымен білім алу және тәжірибеден өту бойынша қарым-қатынасты тереңдету, академиялық ұтқырлықты дамыту жолдарын қарастыру.

Бейнеконференцияның қатысушылары: АҚ «Астана медициналық университеті», С.Д.Асфендияров атындағы КазМҰМУ, Семей Мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы. Барлық баяндамашылар, студенттер және ПОҚ студенттер мен оқытушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығының күйін және осы бағдарламаны әрі қарай дамыту жайлы ақпараттармен бөлісті.

Г.А.Дуйсебаева – М.Оспанов атындағы БҚММУ халықаралық серіктестік және академиялық бөлімінің бастығы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасының жұмысын баяндап, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатқан студенттердің денсаулығына зор мән беру керегін атап өтті..

Сонымен қатар, Астана Медициналық Университетінің баяндамашысы қаржыландыру мен алдыңғы қатарлы ЖОО келісімшарт құру жолдарын атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық академиясы атынан   онлайн-конференцияда 5 курс студенттері 507 Б фр тобы және оқытушы Мадаликызы Айжан, магистранттар: Бахтиярова Б.А., Козыкеева Р.А. қатысты. Баяндамашы Козыкеева Р.А. конференция қатысушыларын студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қызметін айта келе, бұл бағдарламаны әрі қарай жетілдіріп, көптеген студенттерге қолжетімді құру жайында ойын білдірді.

759 2

507фр тобы студенті Алиева Марианна академиялық ұтқырлық бойынша өткен онлайн - конференцияны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

17.04.2016, 23:39
463 қаралым