Академия түлегі, белгілі қазақстандық ақын, жазушы Әлжігіт Тұйғынбек Мәуленұлымен кездесу

624 1 1

2015 жылдың 21 қазан күні жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында академия түлегі, белгілі қазақстандық ақын, жазушы Әлжігіт Тұйғынбек Мәуленұлымен ауқымды кездесу өткізілді.

624 2

Кештің қонақтары – республикалық «Дөңгеленген дүние» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Омаров Талғат пен бас редактордың орынбасары Әбуов Аманғали және фармация ғылымдарының кандидаты, курстас досы Өмірәлі Мұрат болды. «Азаматқа аманат» атты кітабының тұсаукесері жүргізіліп, ақынның шығармалары  талқыланды.

624 3

Іс-шара барысында Тайланд елінің Малайзия қаласында өткен қол күрестен әлем чемпионатында 2 орынды иеленген «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының ІІ курс студенті Кульматова Аида Райымбекқызы мен қала күні мерекесі аясында өткен «Шымкент аруы - 2015» байқауының бас жүлде иегері «Медико-профилактикалық іс» мамандығының І курс студенті Абдурахимова Ақмөлдір Ерғалиқызы академияның басшылары атынан «Құттықтау» қағазымен марапатталып, «Медицина» факультетінің деканы Қарабеков Ағабек Қарабекұлының жылы лебізіне ие болды. 

624 4

27.10.2015, 05:15
383 қаралым